Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда 14...

Қазақстанда 14 мыңға жуық шетел азаматы жұмыс істейді

Шетел жұмыс күшін (ШЖК) тартуға рұқсаттың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 568 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 3 017 рұқсат (екінші санат).

Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші және төртінші санаттарға жатады – тиісінше олар 7 436 және 810 адам. Сонымен қатар маусымдық жұмыстарға 564 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 1 556 адам тартылды. Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 679 жұмыс беруші бар. Оларда 384 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 97% -і.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5 780 адам (42%); тау-кен өнеркәсібі және карьер қазу – 1 476 адам (11%); кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 1 057 адам (8%); өңдеу өнеркәсібі – 953 адам (7%); ауыл, орман және балық шаруашылығы – 547 адам (4%).

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 518 адам, Үндістан – 1 645 адам, Түркия – 1 577 адам, Ұлыбритания – 1 091 адам, Өзбекстан – 693 адам.