Антикор «Қазгеология» басшылығына қатысты тергеу бастады

Мекеме басшылығы жарғыны бұза отырып, директорлар кеңесінің тиіс шешімінсіз басқарма мүшелеріне (басқарма төрағасы, төрағаның 3 орынбасары, бас геолог) 2017-2019 жылдар кезеңінде жалақыны, бонустарды және материалдық көмекті 169 миллион теңгеден аса сомаға артық төлеп, лауазымдық жалақының мөлшерін 2 есе ұлғайтты деп күдікке ілінген.

Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.