Елімізде 3×4 фотоға түсу қызметі 15% қымбаттады

Ұлттық статистика бюросы қараша айында фотографтардың бұл қызметі орта есеппен 561 теңгеге жеткенін анықтады. Бұл өткен жылдың қараша айымен салыстырғанда 15% көп.

Өңірлік бөліністе ең жоғары баға Жезқазғанда – 800 тг. Сонымен қатар құжатқа арналған фото Атырау (707 тг), Қызылорда (667 тг) және Астана (641 тг) тұрғындары үшін қымбатырақ болып тұр. Ал 3*4 суретіне түсу ақтөбеліктерде ең арзан болып шықты – 378 тг.