Басты бетЖаңалықтарТрамп АҚШ-тың...

Трамп АҚШ-тың ядролық арсеналын кеңейткісі келетінін мәлімдеді

Құрама Штаттар мен Ресей арасындағы СНВ-3 деп аталатын стратегиялық шабуылдаушы қаруды он жылға қысқарту жөніндегі жаңа келісімде келесі жылдың ақпан айынан бастап ядролық әлеуеттерін қысқарту көзделген.

Трамп СНВ-3 келісімін біржақты жасалған деп атады.

«Бұл біздің елдің бекіткен кезекті нашар мәмілесі. СНВ болсын, Иранмен ядролық келісім болсын, біз жақсы мәміле жасауды бастаймыз», — деді Трамп.

Трамп осының алдында 2015 жылдың шілде айында әлемдік держава мен Иран арасындағы «Тегеран ядролық бағдарламаны шектеген жағдайда, Иранға санкция алынатыны» жөніндегі жасалған келісімді бірнеше рет сынаған.

Америка президенті сұхбатында Мәскеудің өз аймағында қанатты зымыран орнатқанын, мұның 1987 жылғы келісімге қайшы келетінін атап өткен.

«Мен үшін бұл маңызды келісім»,- деді Трамп.

Ол егер Ресей президенті Владимир Путинмен кездесетін болса, бұл мәселені талқылайтынын жеткізді.

ДереккөзCentralasian.org