Ирандық компания Қазақстанда үш электрстанция салады

«Бүгін Тегеранда «Евразия Инвест Групп» компаниясының басқарушы директорының қатысуымен қуаттылығы 50 МВт жел электрстанциясы мен әрқайсысының қуаттылығы 250 МВт болатын екі жылу электрстанциясын салу туралы келісімге қол қойылды», — деп  ИРНА агенттігі Б. Салехидің сөзін келтірді.

Ол хабарлағандай, жобаларды 18 айда жүзеге асыру жоспарланған. Бір электрстанция Каспий теңізінің қазақстандық жағалауында, қалған екеуі «Жібек Жолы» бағыты бойынша Алматыда салынады.

«САНИР қазақстандық тараппен сумен қамтамасыз ету, кәріз жүйесі, газқұбырын тарту, жолдарды дамыту және Қазақстанның тау-кен өндірісі саласында ынтымақтастық орнатады деген шешім қабылданды. Тараптар аталмыш бағыт бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою туралы ниеттерін білдірді», — деп атап өтті Б. Салехи.

Ирандық-қазақстандық келісімге Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Тегеранға сапары алдында қол қойылды, ол бүгін ирандық астанаға келеді.

Бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, Тегеранда Мемлекет басшысының сапарына байланысты 40-тан астам екіжақты құжаттарға қол қоюға дайындық жүргізілуде.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Еліміздің 13 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

"Қазгидромет" РМК синоптиктері республиканың 10 өңірінде ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жариялады.

Рәміздер күні БҚО-да айрықша сән-салтанатпен атап өтілді

Мемлекеттік рәміздер күні Батыс Қазақстанда облысында барынша сән-салтанатымен атап өтілді. Бұл күні Оралдағы Тұңғыш президент алаңына мыңдаған адам жиналып, көк байрақты биік көтеріп, әнұранды шырқап, кешкісін өнер жұлдыздары қатысқан мерекелік тамаша концертке куә болды.

Оралда алтыншы халықаралық экологиялық форум өтті

Оралда VI Uralsk Green Forum халықаралық шарасы өтті. Қоршаған ортаны қорғау құндылығын арқау еткен форумда жолы «ESG мен тұрақты даму принциптерін интеграциялаудағы жаңа трендтер» тақырыбы көтерілді.

Президент Шолпан-Ата қаласына жұмыс сапарымен барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері мен Еуропалық Одақ басшыларының екінші кездесуіне қатысу үшін Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына жұмыс сапарымен барды.

Қасым-Жомарт Тоқаев ту көтеру рәсіміне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы «Атамекен» этно-мемориал кешенінде өткен мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Ақша айырбастау орындарында доллар 444-448 теңгеден сатылып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 444-448 теңгеден саудаланып жатыр.