Синоптиктер мәліметінше, таяудағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі: қар, бұрқасын, желдің күшеюі 15-20, екпіні секундына 23-28 метр, еліміздің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында – көктайғақ күтіледі.
Суық арктикалық ауа массалары әсерінен республиканың барлық аумағында ауа температурасының төмендеуі күтіледі, солтүстік-батыс, солтүстік, орталығында 15-28 градус аяз болады, — делінген хабарламада.
