Тоқаев Катар әмірін футболдан әлем чемпионатын сәтті өткізуімен құттықтады

@TamimBinHamad, сізді #FIFAWorldCup додасын сәтті өткізулеріңізбен құттықтаймын. Бұл турнир әлемдік футбол тарихында биік рухтың, әділ ойын мен қатарлықтардың ерекше қонақжайлығының белгісі болып қалады, — деп жазды мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.

Айта кетейік, Қатарда өткен футболдан әлем кубогі мәресіне жетті. Ақтық матчте Аргентина құрамасы пенальти сериясында Франциядан басым түсіп, жеңіске жетті.