Алматы – Сиань бағытында әуе рейсі ашылады

Халықаралық қатынасты одан әрі жаңарту және ашу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде ҚР ИИДМ азаматтық авиация комитеті Қытай Халық Республикасының авиациялық билік орындарымен бірлесіп қытай тарапының жиіліктер саны мен тағайындалған пункттері бойынша шектеулерін ескере отырып, Қазақстан мен Қытай арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерін ұлғайту мәселесін пысықтады.

Ағымдағы жылдың 23 желтоқсанынан бастап China Southern Airlines әуекомпаниясы Алматы – Сиань бағыты бойынша жұма күндері аптасына 1 рейс жиілігімен Б-738 үлгісіндегі әуе кемелерінде тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр.

Бұл рейстің ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықтың дамуына оң әсер етеді.