Changan брендінің Қазақстандағы ресми дистрибюторы CS55PLUS және жаңартылған CS35PLUS қалалық кроссоверлері сатыла бастағанын хабарлады. Автокөліктерді отандық нарықта "Астана Моторс" еншілес компаниясы Silkway Auto Kazakhstan ұсынады.

Changan концерні бізді жаңа көліктер маусымымен қуантты! Қыркүйек технологиялық көшбасшы UNI-K презентациясымен есте қалса, күзде бірден екі модельдің таныстыруы болды. Қазақстан дистрибуциясы директоры Сергей Галкиннің сөзінше, «CS35PLUS және CS55PLUS модельдерінің жаңа философиясы бар: автокөлік стилін күшпен таңбайды, дегенмен өз иесінің қалауы мен қажеттіліктеріне икемделеді. Сондықтан нарыққа «Сенің өмір ырғағыңа сай!» деген ұранмен шықты.

Changan бренді қазақстандықтарға биылғы қыркүйекте таныстырылды, ол кезде дистрибьютор технологиялы көшбасшы UNI-K моделін таныстырған еді, жаңа модельдердің санаттар желісі «кіші» болса да, олардың техникалық сипаттамалары тамаша әрі бағасы да қолжетімді.

CS35PLUS – қалаға арналған классикалық кроссовер. Ол ықшам, көнгіш, нақты қала қозғалысына арналған ақылды көмекшілермен «жабдықталған».

«Жүргізуші көмекшілері» қауіпсіздік пен жайлылықты қадағалап отырады: CS35PLUS моделінде бейімделетін круиз-контроль, бетпе-бет соқтығысу туралы ескерту және шұғыл тежеу жүйелері орнатылған. Сонымен бірге автокөлік алты қауіпсіздік жастығымен жабдықталған.

CS55PLUS батыл әрі спорттық көлік! Автокөліктің радиатор торы, жарықдиодты қысыңқы күндізгі жүріс жарықтары, «акула жүзбеқанаты» антеннасы, декоратив бастырықтар мен артқы шамдардың стильді минимализмі жолдағы өзінің жігерлі мінезін көрсетуге тамаша үйлеседі.

Иллюстрация: Silkway Auto Kazakhstan

CS55PLUS өз санатында «жоғары тұрғандықтан», қуатты қозғалтқышпен жабдықталған.

Жүргізушілердің ақылды көмекшілерінің жинақтамасына бейімделетін круиз-контроль, бетпе-бет соқтығысу туралы ескеру және шұғыл тежеу жүйелері, қозғалыс қатарында ұстау жүйесі және 360° айнала шолу камерасы кіреді. Бұл модельде қауіпсіздік жастығы да алтау.

Екі модель де цифрлық аспаптар тақтасымен жабдықталған, CS35PLUS моделінде оның диагоналі – 7 дюйм, CS55PLUS моделінде – 10,25 дюйм. Мультимедиа жүйесінің сенсорлы экранының өлшемі де керемет: ол CS35PLUS моделінде – 10 дюйм, ал CS55PLUS – 12,3 дюйм.

Фото: Silkway Auto Kazakhstan

CS55PLUS моделін жасау кезінде жайлылыққа ерекше көңіл бөлінді. Климат-контроль, орындықтардың электр реттеу жетегі, электржетекті жүксалғыш есігі, сымсыз қуаттау жүйесі. Салонның мінсіз «сәулеті» мен жоғары сапалы дыбыс оқшаулау материалдары тыныштық сыйлайды, Pioneer аудиожүйесі тұнық дыбыс шығарады, ал ұзындығы 1,17 метр панорама шатыр кеңдік пен жеңілдік сезімін сыйлайды! Әр бөлшекті соншалықты бүге-шігесіне дейін ойластыру және функциялық мақсаттарына ерекше көңіл бөлу нағыз жайлылық арқылы «жаныңды рақаттандырады»!

Екі модель де автокөліктің қандай болу керегі туралы «отбасылық» көзқарасты ұстанады, сондықтан инновация, функциялық мүмкіндіктер мен стиль үйлесімдігіне баса мән берілген.

Жаңа модельдер туралы толық ақпаратты ресми дистрибьютордың changan-auto.kz сайтынан таба аласыз, тест-драйвке жазылу үшін 7007 нөміріне телефон арқылы хабарласу керек.