Басты бетЖаңалықтарАстанада митинг...

Астанада митинг ұйымдастырған кәсіпкер екі айға қамауға алынды

12 желтоқсанда Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М.Ж.Әбиевті қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2 ай мерзімге санкциялады, — делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 26 қарашада Марат Әбиевтің Астананың жергілікті атқарушы органынан рұқсат алмай, Қорғалжын тас жолының бойында митинг ұйымдастырып, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған.
Ұйымдастырушы кәсіпкер шараға 300-ге жуық жастарды жинаған. Арандату салдарынан қоғамдық тәртіп өрескел бұзылып, көлік және әлеуметтік инфрақұрылымның толыққанды жұмыс істеуіне кедергі жасалған. Жиынға қатысушылар полицияның заңсыз әрекетті тоқтату туралы талабын ескермей, дауыс зорайтқышты қолданған. Қатысушылар полицейлерге бағынбай, қарсылық көрсеткен.