SalyqBot жедел көмек көрсету қызметін іске қосты

Бұл туралы қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2022 жылдың 7 желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің Salyqbot Telegram-каналында салық төлеушілерге жедел көмектің екі қызметі іске қосылды: «Шотты бұғаттан шығару» және «Жеке тұлғалардың салықтары бойынша көмек».

Бұл қызметтер «бір рет басу» арқылы банктік шоттар бойынша бұғаттау себептерін анықтау үшін өтінім жіберуге немесе мүлік салығы, жер салығы, көлік құралдары салығы бойынша көмек алуға мүмкіндік береді.

Көрсетілген қызметтер бойынша Salyqbot пайдаланушыларына сұрау жіберу үшін өңірді (облысты/қаланы) көрсету жеткілікті, содан кейін 24 сағат ішінде мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері егжей-тегжейлі ақпарат беру үшін салық төлеушімен байланысады.