Жыл басынан бері 18 мың этникалық қазақ қандас статусын алды

2022 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша 17 888 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас статусын алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 105,7 мың этникалық қазақ оралды, — делінген хабарламада.

Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (63,5%) Өзбекстаннан, 9,9% – Ресейден, 9,1% – Түрікменстаннан, 8,6% – ҚХР-дан, 4,9% – Моңғолиядан, 4% – басқа елдерден.

Елге оралған этникалық қазақтар негізінен Алматы (27,1%), Маңғыстау (17,7%), Түркістан (8,3%) және Жамбыл (6,1%) облыстарына, сонымен қатар Алматы (5,5%), Астана (9,1%) және Шымкент (6,6%) қалаларына қоныстанды. Биылғы жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 59,4%, еңбекке қабілетті жастан кіші 26,9% және зейнеткерлер 13,7%-ті құрайды, – делінген хабарламада.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 20%-і жоғары білімді, 39,4%-і орта кәсіби білімді, 38,9%-і жалпы орта білімді және 1,7%-інің білімі жоқ.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да