Алматыда тағы бір автобус жол апатына түсті

Полиция мәліметінше, жол апаты бүгін таңғы сағат 6:00-де Түрксіб ауданында болған. Шемякин көшесімен келе жатқан Toyota RAV4 маркалы көліктің жүргізушісі Кожедуб көшесімен қиылыста рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Дәл алдынан №79 автобус шығып, екеуі бетпе-бет соқтығысқан.

Автобуста жолаушылар болған. Бірақ ешкім зардап шеккен жоқ. Ал RAV4-те болған жолаушы дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Қазіргі кезде тергеу басталды, — делінген хабарламада.

Еске салсақ, бір ай бұрын Алматыда екі жолаушылар автобусы соқтығысып, бір адам қаза болды. 15 адам жарақат алған.