Алматыдағы автобус апаты: жүргізуші екі айға қамауға алынды

Алматы тергеу сотының қаулысымен 11 қараша күні сотқа дейінгі тергеу органдарының күдікті А-ға қатысты 2 айға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтініші санкцияланды. Күзетпен ұстау мерзімі 2023 жылдың 9 қаңтар күніне дейін белгіленеді, — деді Алматы қалалық сотының ресми өкілі Абай Жарылқасын.

Еске салайық, 8 қараша күні Алматыда Төле би — Абылай хан көшелерінің қиылысында екі автобус соқтығысты.