Қазақстанда азық-түлік бағасы бір жылда 24% өсті

Бұл туралы Energyprom.kz порталы хабарлады.

Ай сайынғы динамика бойынша азық-түлік тауарлары бағасының ең көп айлық өсімі Ұлытау облысында байқалды — 2,4%. Одан кейін елорда мен Жамбыл облысында да айтарлықтай өсті. Яғни, әр өңірде 2,2% қымбаттады, — делінген хабарламада.

Жылдық динамика бойынша сектордағы бағаның ең көп өсуі Маңғыстау облысында тіркелді — бірден 31,4%. Ақтөбе облысы мен Шымкент екінші және үшінші орында — әр өңірде 25,8%. Ең аз жылдық өсім Шығыс Қазақстан облысында тіркелді — 22,6%.

Жемістер мен көкөністер бір жылда 17,4% қымбаттады. Оның ішінде жаңа піскен жемістердің құны бір жылда 18,9, көкөністер 11% өсті.

Жемістер ішінде банан бірден 45,8% қымбаттап, келісі 867 теңгеге, апельсин 26,2% қымбаттап, 959 теңгеге, алма 11,3% қымбаттап, 528 теңгеге, лимон 8,6% қымбаттап, 1,2 мың теңгеге, кептірілген өрік 65,4% қымбаттап, 3,8 мың теңгеге жетті.

Көкөністердің ішінде қияр жылына бірден 30,8% қымбаттап келісі 691 теңгеге, пияз 26,5% қымбаттап, 116 теңгеге, қызанақ 14,4% қымбаттап, 678 теңгеге, картоп 9,9% қымбаттап, 155 теңгеге жетіп отыр. Ақ қырыққабат (16,5%), сәбіз (4,6%) және қызылша (1,3%) арзандады, — делінген хабарламада.

Ет, оның ішінде ет өнімдері бір жылда 16,1% қымбаттады. Сауда орындарында сүйегі бар сиыр етінің келісі орташа есеппен — 2,4 мың теңге, қой еті — 2,7 мың теңге, шошқа еті — 2,1 мың теңге, жылқы еті — 3 мың теңгеден сатылуда. Тауық етінің келісі — 1,4 мың теңге, тауық еті — 1,2 мың теңге, қайнатылған шұжық — 2,6 мың теңге, жартылай ысталған шұжық — 3,1 мың теңге.

Бірінші санаттағы жұмыртқаның он данасы орташа есеппен 468 теңге тұрады. Бұл бір жыл бұрынғыдан 20% қымбат.

Бір жылда нан бағасы — 19,3, жарма — 36,8, макарон өнімдері — 42,2, ұн 43,7% өсті. Жоғары сұрыпты ұннан жасалған бидай нанының келісі — 349 теңгеден, бірінші сұрыпты ұн — 197 теңгеден, қара бидай нанының келісі 421 теңгеден сатылды. Жоғары сұрыпты бидай ұны келісіне — 373 теңге, бірінші сұрып — 243 теңге, рожки — 552 теңге, вермишель — 561 теңге, кеспе 1,1 мың теңгеден саудаланды.