Алматы – Петропавл пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды

Ұлттық тасымалдаушы осы жылдың 8, 10, 12, 14 желтоқсанында Алматыдан жөнелтілетін, 9, 11, 13, 15 желтоқсанда Петропавлдан келетін / жөнелтілетін жолаушылар пойыздарын тоқтатады, — делінген хабарламада.

Жолаушыларға билет құны толық қайтарылады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыз қозғалысы Қарағанды ​​облысының Қарабас өткеліндегі магистральдық теміржолда жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты тоқтатылғанын атап өтті.

Жолаушылар пойыздардың қозғалыс кестесі өзгергені туралы ақпаратты «1433» бірыңғай телефон анықтамалық қызметі арқылы ала алады.