Өскемен-Семей тасжолында көлік қозғалысы шектелді

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ауа температурасының 30 грудусқа дейін төмендеуіне және жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты тасжолдардың бірінде көлік қозғалысы шектелді.

Жолаушы тасымалдайтын рейстік автобустарға және дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктерге Өскемен-Семей тасжолының 10 — 198 шақырымында (Герасимовка ауылы мен Семей аралығы) қатынауға тыйым салынды, — делінген хабарламада.

Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобайл қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді. Егер жолда қандай да бір қиындыққа тап болсаңыздар бірден «112» нөміріне қоңырау шалыңыздар.