Аяз, қар, көктайғақ: 7-10 желтоқсан күндері ауа райы қандай болады?

Метеорологтар мәліметі бойынша, Қазақстанның басым аумағы әлі де суық антициклон ықпалында, сондықтан ауа райы негізінен жауын-шашынсыз: республиканың шығысында, орталығында және оңтүстігінде атмосфералық фронталь бөліктерге байлынасты аздаған қарлы боранмен қар жауады, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда кей жерлерде қалың қар жауады.

Батыста түнде 5-15 градусқа дейін, күндіз 0-5 градусқа дейін аяз, солтүстікте түнде 18-28, күндіз 12-17 градусқа дейін аяз, орталықта және шығыста түнде 22-30-ға дейін, күндіз 13-20 градусқа дейін аяз, ал республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде 13-25 градусқа дейін, күндіз 8-18 градус аяз, — делінген хабарламада.