Қазақстанда бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны өсті

7 желтоқсандағы мәлімет бойынша, қазір ел өңірлерінде коронавирустан – 1 255 (КВИ+), коронавирус пневмониясынан – 192 (КВИ-), барлығы 1 447 адам емделіп жатыр. Олардың ішінде 203 пациент стационарда, 1 244 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

— 6 адамның жағдайы ауыр,
— 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
— 4 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды.