7 желтоқсанда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымдағы 0-9 класс оқушылары қашықтан оқуға көшіріледі, — делінген Қарағанды білім бөлімінің мәліметінде.
Бүгін сонымен қатар Астанада бірінші ауысымның 0-11 (12) класс оқушылары және колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстыралған болатын. Айта кетейік, елордада қатты аязға байланысты оқушылар дүйсенбіден онлайн оқып жатыр.
Абай облысының кейбір аудандарында да бірінші ауысымдағы сабақтар онлайн форматта өтеді.
Атап айтқанда, Семейде 1-9 кластар, Курчатовта 1-11-кластар, сонымен қатар Көкпекті, Жарма, Бородулиха, Абай аудандарында кейбір мектептерде сабақ қашықтан оқытылады. Бесқарағай ауданында барлық мектептер қашықтан оқуға көшірілді. Қалған аудандарда сабақ штаттық режимде өтеді.
