Мазмұнға өту
Басты бет / Қоғам /

Нұрбол Нұрсағатов Семей әкімі болды

Нұрбол Нұрсағатов. Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Семей мәслихатының кезектен тыс сессиясында Абай облысы әкімі Нұрлан Ұранхаев Нұрсағатовтың кандидатурасын бекітті. Нұрбол Нұрсағатов – Шығыс Қазақстан облысының тумасы, бұған дейін Абай облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Әр жылдары Нұрбол Нұрсағатов ауыл шаруашылығы министрлігі су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары, Астана әкімдігі құрылыс басқармасы басшысының орынбасары, Астананың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы директорының орынбасары, ШҚО көлік және автомобиль жолдары басқармасының, Алматы әкімдігі құрылыс басқармасының, Астана қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

Мақалаға реакция