Басты бетЖаңалықтарБиыл Қазақстаннан...

Биыл Қазақстаннан Ресейге тауар экспорты 15,1% өсті

2022 жылдың 9 айында ҚР мен РФ арасындағы сауда 18,4 миллиард АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 1 миллиард артық (17,5 млрд АҚШ доллары). Ресей 36% үлесімен (12.4 миллиард АҚШ доллары) Қазақстанға импорттық жеткізілімдерде басымдық танытып жатыр. Ресей Федерациясы Қазақстанның стратегиялық сауда-экономикалық әріптестерінің бірі. Ресейге экспорт 15,1% өсіп, 5,9 миллиард АҚШ долларын құрады, — деді Серік Жұманғарин.

Сонымен қатар Серік Жұманғарин сарапшылардың бағалауы бойынша Қазақстанның Ресейге 180 тауар позициясы бойынша шамамен 1 миллиард АҚШ доллары сомасына экспорт көлемін ұлғайту мүмкіндігі бар екенін атап өтті.

Өңірлер бөлінісінде Ресеймен сауда қатынастарын Абай, Ұлытау, Павлодар және Қостанай облыстары белсенді дамытуда, олардың тауар айналымы 2,7 миллиард АҚШ долларына жетті. Жалпы, Ресей мен Қазақстанның сыртқы сауда айналымындағы шекара маңы облыстарының сауда үлесі 2022 жылдың 6 айында 37,7% немесе 4,4 миллиард АҚШ долларын құрады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен РФ арасындағы тауар айналымы 24,6 миллиард АҚШ долларын құрады, бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 31,2% артық (18,8 миллиард АҚШ доллары), — деді министр.