Астана мен Анкара арасында әуе рейстері ашылды

Бүгін, 5 желтоқсан күні Қазақстан мен Түркия астаналары арасында тікелей әуе рейсінің ашылуына арналған салтанатты шара өтті.

Оған азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, Түркияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Уфук Экичи, AnadoluJet компаниясының маркетинг жөніндегі директоры Ахмет Цылдыз, «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ президенті Дәулет Хамзин қатысты.

Астана мен Анкара арасындағы рейстер аптасына 2 рет жиілікпен Б-737 үлгісіндегі әуе кемелерімен жүзеге асырылады.  Алғашқы рейстермен 140 жолаушы ұшып келіп, 157 жолаушы ұшып барған.