Министр: Коронавирусқа қатысты шектеу енгізу жоспарда жоқ

Ковид шектеулері туралы айтатын болсақ, Қытайдағы қазіргі жағдай мүлдем басқаша. Пандемия басталғаннан бері Қытайда өте қатаң шектеу шаралары қабылданды. Осы орайда, олар инфекцияны оқшаулауға қатысты шектеу іс-шараларына ерекше мән берді. Қазір Қытайдағы ұжымдық иммунитет қандай деңгейде екенін айта алмаймын. Оларда ауру шыққан жерлерде шектеу іс-шаралары қабылданады. Бұған халық өз наразылығын білдіріп жатқан болар, — деді Ғиният сенаттағы үкімет сағатынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, елімізде 10 миллионнан астам адам вакцина салдырғанын, бес миллионнан астам адамға қайта вакцинациялау жүргізілгенін, ұжымдық иммунитет қалыптасқанын, сонымен қатар омикронды адамдар жеңіл еңсеріп жатқанын ескере отырып, ел аумағында шектеу іс-шараларын енгізу жоспарланбаған.