Төрт өңірде бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқиды

Астана білім басқармасы 2 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-4 класс оқушылары сабаққа үйден қосылатынын хабарлады.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ауа райы қолайсыздығына, нақты айтқанда аязға байланысты бірнеше ауданда оқушылар қашықтан оқиды.

Атап айтқанда, Алтай ауданында бірінші ауысымдағы 0-4 класс, Глубокое ауданданы мен Риддер қаласында 0-9 класс оқушылары мектепке бармайды. Қалған қала, аудандарда сабақ дәстүрлі форматта өтеді, — делінген хабарламада.

Абай облысы әкімдігінің дерегінше, Семейде 1-4 класс оқушылары, Бесқарағай, Бородулиха аудандарында 1-9 кластар қашықтан оқиды.

Сонымен қатар Курчатов қаласының мектептерінде 1-4 класс және даярлық топ оқушылары мектепке бармайды.

Қостанай облысының Амангелді және Жангелді ауданындарында да 0-4 кластар бірінші ауысымда онлайн оқыту форматына көшірілді.

Теги: