Ералы Тоғжанов 1963 жылғы 13 мамырда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
1988 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін, 1994 жылы Қазақстан Республикасының ғылым академиясының мемлекет және құқық институтын тәмамдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі — заңгер.
Еңбек жолын 1980 жылы Орал облысы Октябрь орман шаруашылығының жұмысшысы ретінде бастаған.
1988-2001 жылдары — Қарағанды мемлекеттік университетінде оқытушы, ҚР ғылым академиясының мемлекет және құқық институтының директоры, факультет деканы, қазақ мемлекеттік заң университетінің филиалының директоры.
2001-2006 жылдары — Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.
2006-2008 жылдары — Қазақстан Республикасы әділет министрлігінің дін істері жөніндегі комитет төрағасы.
2008-2017 жылдары — Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР президенті әкімшілігінің Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылығының меңгерушісі, ҚР президенті әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі.
2017-2019 жылдары — Маңғыстау облысының әкімі.
2019-2020 жылдары — ҚР кәсіподақтар федерациясының төрағасы.
2020 жылы 11 ақпанда мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың жарлығымен ҚР премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды.
2021 жылы 18 қаңтарда ҚР президентінің жарлығымен осы қызметіне қайта тағайындалды.
2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып қайта тағайындалды.
2022 жылғы 31 тамызда ҚР президентінің жарлығымен Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды.