Күніне 200 теңгеден үнемдесеңіз, өміріңіз қалай өзгереді?

Бір айда немесе бір жылда қанша ақша үнемдеуге болады?

Егер орта тұрмысты адам жыл бойына 200 теңгеден үнемдейтін болса, қанша қаржы жинай алады? Әр адамның табысы әртүрлі болғанымен, есепке 2017 жылы жалақының ең төменгi мөлшерi ретінде тіркелген 24 459 теңгені алайық.

Шындығында бір ай немесе бір жыл бойы ақша үнемдеу қиын емес. Бірақ біз 200 теңге үнемдеп қанша қаржы жинай аламыз: 30 күнде 6000 теңге немесе 365 күнде 73 000 теңгені қорыңызға сақтай аласыз. Көпшілік бұның өте аз көлем екендігін айтып, қолын бір сілтер. Алайда байқап қараңыз, бұл ақшаларға қандай зат, өзіңізге қандай ұмытылмас сәттер сыйлай аласыз?

  • Шетелге саяхат. Демалыс уақыты келіп жеткенде, шетелге ұшақпен ұшып баруға ақшаңыз жетпей ме? Сіздің билетіңіздің құнын үнемделген 200 теңгелер көтере алатындығын еске алыңыз.
  • Жаңа iPhone немесе басқа да смартфон. 70 мың теңгенің көлемінде тұратын смартфондар жетерлік. Мысалы, Samsung Galaxy J5-ті сіз дәл осы бағада сатып ала аласыз немесе LG G4s смартфонына бұдан да төмен бағада қол жеткізуге болды.
  • Несиені толықтай немесе қандай да бір бөлігін жабу. Егер ақшаны бейберекет жұмсаудан қашық болсаңыз, қарыздарды әрдайым жауып тастауға болатындығын назарда ұстаңыз.
  • Парапланмен ұшу. Естен кетпес ерекше әсерге 200 теңгені үнемдеу арқылы қол жеткізуге болады. Егер бір жыл осылай үнемдейтін болсаңыз, бір өзіңізге ғана емес, тағы екі адамға парапланмен ұшуға билет сатып алар едіңіз.
  • Екі сапалы велосипед. Өз қалауыңыз бойынша екі велосипед немесе үйге арналған осы бағаға сай тренажер құрылғысын сатып алсаңыз болады.

Әрине, үнемделген ақшаны қайда жұмсау керектігі өз еркіңізде.

Оқушы, ақшаБарлық құпия әдетке айналдыра білуде

Жай ғана 200 теңгені ешқайда жұмсамай, бір жерге сақтап отыруға болады. Бұл көпшіліктің ойына бірінші болып келетін тәсіл. Алайда біз 21-ғасыр өкілі болғандықтан, жаңа мүмкіндіктерді де пайдалана білгеніміз абзал. Смартфондардағы шетсіз-шексіз мүмкіндіктерді пайдаланыңыз. Мысалы, ең қарапайым мобильдік қосымшалардың бірі — «Кошелекті» сынап көріңіз.

Мобильдік қосымша, КошелекБұл қосымшаның құрылымынан минимализмді бірден байқайсыз. Оны қолдану оңай әрі ыңғайлы. Ақша пайда болды ма, «плюсті» басасыз, ақша жұмсадыңыз ба, «минусты» белгілейсіз. Соңында қанша кіріс пен шығын шығарылғандығы есептеледі. Сондай-ақ бұл қосымшада сіз фото, аудио және мекенді белгілей аласыз.

Шағын қорытынды. Айлық табыстың ең төменгі мөлшері 24 459 теңгені құрайды. Егер аптасына 40 сағат жұмыс істесек, біз  сағатына шамамен 153 теңге табыс табамыз. Сіз үнемдеу қажет соманы бар болғаны 1,5 сағатта асырып таба аласыз. Бір жыл үнемдеу режимінде жүру ақылға сыйымды. Егер табысыңыз біз көрсеткен көлемнен жоғары болса, ақша үнемдеп жүргеніңіз тіптен білінбеуі мүмкін. Оны сіз күнделікті жұмыс кезінде алатын самса, бәлішке жұмсалды немесе автобуспен екі рет жүріп-тұрдым деп есептесеңіз де болады. Қалта өзіңіздікі. Оны томпайту, яки жұқарту да өз қолыңызда. Дегенмен, үнемдеу — миллионерлерге де тән қарекет.

Үнемделген ақшаға Сіз не істер едіңіз?