Смартфонды жедел қуаттаудың 9 тиімді тәсілі

Бүгін біз сіздерге телефонды тез қуаттаудың тиімді тәсілдері мен қуаттауға қатысты пайдалы кеңестер ұсынамыз.

№1. Смартфонды мата үстіне қоймаңыз

Смартфон

Мата үстіндегі телефонның аккумуляторы тез қызып кетеді. Сол себепті қуат алып жатқан кезде ол ағаш үстел, тумба тәрізді зат үстінде тұрғаны абзал. Сондай-ақ оған қолайлы етіп кеңсе тауары, қысқыштан (зажим) тұғыр жасап қоюыңызға болады.

Смартфон

№2. Қажет емес функцияларды өшіріңіз

Автожарық, дыбыс қаттылығы, айналма (поворот) тәрізді қосымша функцияларды сөндіріп қойыңыз. Өйткені олар қуат көзін «жегіштер» болып саналады.

Смартфон

№3. Розетка қолайсыз болса…

Кей кезде розетка тым биікте немесе қуыста орналасуы мүмкін. Бұл мәселені шешудің қарапайым тәсілі бар. Ол үшін телефоныңызды қарапайым пакетке салып, қуаттағыштың айырына (вилка) іліп қойсаңыз болады.

Смартфон

№4. Шнур тым ұзын болса…

Кейде тым ұзын шнурлы қуаттағыштар да қолайсыздық тудырып жатады. Әрдайым сөмкеде немесе қалтаңызда жүріп, шимайланып қалуы да мүмкін. Ол үшін шнурды қаламға орап,  шаш кептіргішпен кептіріңіз. Аз уақыт қаламсапта ораулы қалыпта қалтырыңыз. Нәтижесінде серіппе (пружина) кейіпті әрі өте ыңғайлы шнур пайда болады.

Смартфон

№5. Қуат алу процесінде телефонды сөндіріңіз

Кей жағдайларда телефонды жедел қуаттау қажет болады. Мұндай кезде телефоныңызды сөндіріп қойыңыз, нәтижеге әлдеқайда жылдам қол жеткізесіз. Себебі сөндірулі кезде ол қосымша энергия жұмсамайды.

Смартфон

№6. Қуаттағыш жоқ болса…

Қуаттағышты еш жерден таппай қалатын кездер де болады немесе жарық сөніп қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда батарейкаларды пайдалануға болады. Сізге 9 вольттық крона, телефонды машинада қуаттауға арналған адаптер, USB шнур және кез келген өткізгіш (проводник) қажет. Оларды суреттегідей біріктіріп, қолдан PowerBank жасауға болады.

Смартфон

№7. Шнур қиылып кетпес үшін не істеуге болады?

Телефонға жалғанатын тұсына қаламсаптың серіппесін кигізіп қойсаңыз болады. Нәтижесінде қуаттағышыңыз ұзақ қызмет етеді.

Смартфон

№8. Джинсы көмегімен қуаттау

Кей төтенше жағдайларда батарейканы қолыңызбен немесе джинсы матаға үйкелесеңіз болады. Бұл лайфхак 100% кәдеге асады деп айта алмаймыз. Дегенмен, шұғыл жағдайларды осы тәсілді байқап көріңіз.

Смартфон, батарейка

№9. Көшірме қуаттағыш кесірі

Телефон қуатының  тез таусылуының басты себебі көшірме қуаттағыш болуы бек мүмкін. Ол жалған қуаттауымен қатар, телефонға зиян келтіреді. Сол себепті мүмкіндігінше түпнұсқа қуаттағышты таңдағаныңыз абзал.