29 қараша күні таңға қарай тағы да 25 көппәтерлі және 90 жекеменшік үйдің ішкі жылу жүйесінде проблемалар пайда болды. Яғни бұл үйлер жылуды қабылдай алмай отыр. Бірақ жылу желісінде ыстық су бар, — деді Ысқақов үкімет отырысында.
Облыс әкімі аталған үйлердің ішкі жылу жүйесін қалпына келтіру қажет екенін атап өтті.
Сол үшін қосымша 23 бригада тағы басқа қалалардан көмекке келді. Сонымен қатар жылусыз отырған тұрғындарға 1 200-ге жуық жылыту құралдары жеткізілді, — деді ол.
Айта кетейік, премьер-министр Әлихан Смайылов Екібастұзда жылу беруді қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.