Басты бетЖаңалықтарПрезидент төрт...

Президент төрт агенттік басшыларын қайта тағайындады

Марат Омаров Қазақстан Республикасы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалсын.

Әсет Ерғалиев Қазақстан Республикасы стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалсын.

Дархан Жазықбаев Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалсын.

Айбек Дәдебаев Қазақстан Республикасы президентінің іс басқарушысы болып қайта тағайындалсын, — делінген жарлықта.

Айта кетері, олар бұған дейін де аталған агенттіктерді басқарды.

Еске салайық, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚК, Антикор және қаржылық мониторинг агенттігінің басшыларын да қызметке қайта тағайындаған болатын.