Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Қатысушылар квазимемлекеттік сектордан төмендетілген бағамен бәсекелестік ортаға берілген қаржы ұйымын республикалық меншікке қайтару шарттарын талқылады. Қазіргі уақытта осы факті бойынша тиісті тергеу жүргізіліп жатыр.
Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы мен цифрлық медициналық жүйелердің қажеттіліктері үшін өнеркәсіптік өнімдер өндіру саласында жұмыс істейтін бірқатар компанияға қатысты монополияға қарсы ден қою шаралары қаралды.
Сонымен қатар премьер-министр бас прокуратураға елдегі бірқатар энергетика нысанын жекешелендірудің негізділігіне қатысты тексеру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.