Парламент сайлауы келесі жылдың бірінші жартыжылдығында өтеді. Президент бұл туралы жариялайды. Әрине, осыдан кейін жаңа үкімет құрылады, — деді Қошанов мәжіліс кулуарында.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауынан кейін үкіметке отставкаға кетудің қажеті жоқ екенін айтқан еді. Алайда мемлекет басшысы өзгерістер болатынын мәлімдеді.