Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін, — деді Фуат Сатыбаев.
Сонымен қатар жалпы отырыста палата депутаттары Фуат Сатыбаевты мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің құрамына сайлады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл 9 қарашада орталық сайлау комиссиясының отырысында парламент мәжілісінің депутаты Фуат Сатыбаевты тіркеу туралы қаулы қабылданды.
Фуат Сатыбаев Павлодар облысында хирург-дәрігер, денсаулық сақтаудың құрметті қызметкері ретінде танымал. 2021 жылғы 10 қаңтарда «Ақжол» партиясынан VII сайланған Павлодар облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды.