Павлодар облысындағы өрт сөндірілді

Бұл туралы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама 22 қазанда сағат 11.52-де түскен. Жалын Ертістің жайылмасындағы Жаңатілек ауылының маңында тұтанған.

Бес аумақта құрғақ шөп пен қамыс өртеніп жатыр. Өрттің жалпы аумағы — 140 гектар. Сонымен қатар 70 тоннаға жуық жаңа шабылған шөп жанып кетті, — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

Ал ауа райының қолайсыздығы өртті сөндіруді қиындатып отыр. 23 қазанда желдің күшеюіне байланысты Павлодар облысында ескерту жарияланады. Оның екпіні кей жерлерде секундына 23-28 метрге жетеді. Өрт 23 қазанда сағат 12.02-де сөндірілді.