Басты бетЖаңалықтарЕлімізде екі...

Елімізде екі әлеуметтік төлемнің мөлшері артады

Бұл туралы премьер-министрдің ресми сайты хабарлады.

Бүгінде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемнің бес түрі беріледі. Олар: асыраушысынан айырылу, жүктілік пен босану, жұмыссыз қалу, бала күтімі мен еңбекке қабілеттіліктен айырылу. Соның ішінде екі төлемнің мөлшері келесі жылдан бастап артады.

2023 жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 8,5% артады, — делінген үкімет қаулысында.

Құжат 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.