Басты бетЖаңалықтарЖеңіс Қасымбек...

Жеңіс Қасымбек президентке «АрселорМиттал Теміртаудағы» жағдайды баяндады

Президентке Қарағанды облысының биылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы есеп берілді.

Сонымен қатар аймақтың өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және инвестиция тарту салалары қарқынды дамып келе жатқаны туралы баяндалды.

Жеңіс Қасымбектің айтуынша, өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 3,1 триллион теңгені (1,5% артқан) құрады. Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көрсеткіші 6,3% артты.

Облыс экономикасына 522,2 миллиард теңге инвестиция тартылды (8,5% көбейген), оның басым бөлігі (92%) жеке инвестицияға тиесілі. 2022 жылдың қаңтар-қазан айларында 414,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,7% көп.

Мемлекет басшысына Қарағанды облысының автомобиль жолдарын дамыту, халықты сумен қамтамасыз ету жөнінде мәлімет берілді. Жеңіс Қасымбек «АрселорМиттал Теміртау» компаниясындағы жағдай туралы да баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев өңір экономикасын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.