Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Төребаев әлі де қылмыстық іс материалдарымен танысып жатқанын хабарлады.
Сот шешімі бойынша, күдіктіні қамауда ұстау мерзімін қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде бір айға, яғни 18 желтоқсанға дейін санкциялау туралы тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды. Шешім заңды күшіне енген жоқ, — деді Алматы сотының баспасөз қызметі өкілдері.
Сонымен қатар сот бір күннен кейін Шерниязовқа қатысты қаулы шығарды. Оның қамауға алу мерзімі де тағы бір айға ұзартылды.
Сот шешімі бойынша, күдіктіні қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін бір айға, яғни 19 желтоқсанға дейін санкциялау туралы тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды, — деп толықтырды сот өкілдері.
Еске салайық, Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов биыл сәуірде қамауға алынған болатын. Олар Алматыдағы Mudarabaн Capital қаржы пирамидасының ісі бойынша күдікті ретінде танылған.