Қазақстандықтардың 62% астамы өз таңдауын жасады

Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың аумақтық комиссияларының мәліметінше сағат 16.00-дегі жағдай бойынша президент сайлауында дауыс беру тізіміне енгізілген азаматтардың 62,34% немесе 7 450 395 адам бюллетень алды, — деп мәлімдеді орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова.

Өңірлер арасында Түркістан облысының сайлаушылары (80,09%) өте белсенді. Ал Алматы қаласы әлі көш соңында тұр – сайлаушылардың 26,19% ғана дауыс берген.

Айта кетері, кезектен тыс президент сайлауында бүкіл ел бойынша 10 101 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Шетелде жүрген қазақстандықтар үшін 53 мемлекетте 68 сайлау комиссиясы құрылды. Барлығы 11 миллион 950 мың 485 қазақстандық дауыс бере алады.