Бас санитар дәрігер сайлауға маска тағып баруға кеңес берді

Республика бойынша күн сайын вирус жұқтырған 70 адам тіркеледі. Ал жіті респираторлық вирустар мен тұмау күшейіп келеді.

Бас санитар дәрігердің айтуынша, осы уақытқа дейін мыңнан астам адамның тұмау жұқтырғаны зертханалық талдаумен дәлелденсе, бір миллионнан астам адам респираторлық инфекцияны жұқтырған. Оларлың арасында балалар да аз емес.

Қазір коронавирус бойынша жағдай тұрақты, бірақ біз респираторлық инфекциялар мен тұмау маусымы аяқталған жоқ. Вирусты жұқтыру жолдары бірдей. Одан қорғану шаралары да ұқсас. Қазір масканы тағуға міндет жоқ. Бірақ әрбіреуіміз тұмаудың ерте басталғанын ескеріп, сақтық шараларын ұмытпауымыз керек. Демек, кез келген сайлаушы маска тағып, дауыс бере алады, — деді Есмағамбетова орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте.

Санитарлық департамент сайлау комиссияларына да маска тағуға кеңес берді. Себебі учаске арқылы көп адам өтеді, вирусты жұқтыру қаупі жоғары.