Басты бетЖаңалықтарҰҚК тәртіпсіздік...

ҰҚК тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болған бір топ адамды ұстады

Ведомство мәліметінше, арнайы операция нәтижесінде 7 адам ұсталған. ҚР қылмыстық кодексінің 179-бабы 2-бөлігі және 272-бабы 1-бөлігі бойынша тергеу басталған. Ұсталғандардың тұрғылықты жері бойынша заттай дәлелдемелер тәркіленген.

Прокуратура санкциясымен олардың жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының әкімшілік ғимараттарына, азаматтық нысандарға қару мен тұтандырғыш заттарды қолдану арқылы шабуыл жасауға дайындалғаны анықталды. Топтың әрбір мүшесінің ролі нақты бөлінген, қылмыстық жоспар жасырын шараларды сақтай отырып, тұрақты кездесу барысында талқыланған, — делінген хабарламада.

Топ мүшелері «бөтелке лақтырғыш» деп аталатын жабдықтар жасап, олардың көмегімен «Молотов коктейльдерін» лақтырып, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің көзін құртуды жоспарлаған.

Жасырын орындар ұйымдастырылып, оған қылмыс жасауға арналған құралдар — Калашников автоматы, ойық ұңғылы «Меркель» мылтығы, екі тегіс ұңғылы кесілген мылтық, оқ-дәрілер, «Молотов коктейльдеріне» арналған сұйықтықтығы бөтелкелер, «бөтелке лақтырғыштар», бензин құйылған канистралар, рациялар сақталған, — делінген хабарламада.

Күдіктілер ҚР қылмыстық-процестік кодексiнің 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.