2012 жылдан бері аталып келген 1 желтоқсан — тұңғыш президент күні биылдан бастап мемлекеттік мереке статусынан айырылды. Бұл күн мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс күні және қоғамдық маңызы жоғары әлеуеті бар өзге де күндер сияқты мерекеленеді. Сондықтан бұл күні қазақстандықтар демалмайды.
Биыл 16 желтоқсан жұмаға тұспа-тұс келеді. Демек, қазақстандықтар Тәуелсіздік мейрамына орай үш күн демалады — 16,17 және 18 желтоқсан.
Осылайша, қазақстандықтар желтоқсанда 10 күн демалады.