Ауаны ылғалдандырғыш

Адам ұйықтаған кезде бүкіл ағза мүшесінің жұмысы реттеледі. Ұйқы кезінде бұлшықет босайды, нәтижесінде ағза демалады. Бұл уақытта белгілі гормондар да бөлінеді. Оған қоса, ұйқының негізгі қызметі – мидың сырттан ақпарат қабылдамайтын кезінде оны күні бойы жиналған мәліметтен тазарту, артығынан арылту. Сондықтан сомнолог мамандар түнгі ұйқының өте жайлы болуы маңызды екенін айтып келеді.

Бөлменің температурасы мен жататын орын – бәрі ұйқыға белгілі бір деңгейде әсер етеді. Ұйқы кезінде бөлмедегі ылғал мөлшері де өте маңызды. Әсіресе, сырттан ылғал ауа келіп тұрса, жақсы. Мұндай кезде ауаны ылғалдандыратын құрылғылар көмектеседі.

Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов/Baribar.kz

«Түнде жақсы ұйықтаймын»

Baribar.kz бас редакторы Мейірман Лес те ұйқысы жайлы болуы үшін үйіне ауаны ылғалдандыратын құрылғы алып қойған. Ол мұндай құрылғымен, әсіресе, қыста ыстықтамай, қалыпты ылғал температурада ұйықтайтынын айтып отыр.

«Қыста жылу қосылған соң үйдегі температура құрғақ болады. Мұндайда оны ылғалдандыратын құрылғы қажет деп есептеймін. Сондықтан ауа ылғалдандырғыш құралды бірден сатып алдым. Оның үстіне 24 айға бөліп төлеуге болады екен. Жатарда ыдысына су құйып, қосып қоямын. Өзі-ақ бөлмені қажет мөлшерде ылғалдандырып тұрады», — дейді ол.

Соғымға мұздатқыш

Қазақ халқының қысқы азығы – cоғымның, оны дайындаудың орны бөлек. Қыстың қамын жазда ойлайтын халқымыз істі әуелі сойылатын малдың күтімінен бастайды. Әдетте соғымға жылқы, сиыр, түйе сияқты ірі мал сойылады. Соғым сою да ауыл, ел-жұрт үшін атаулы сәт. Қасапшылар малды сойғанда әр жілік, омыртқа, қабырғасын тиісті ет-майымен бөлуге тырысады. Себебі қасапшы да, табақ тартатын үй иесі де өзіне сын келмегенін қалайды. Соғым сойылған соң қуырдақ жасалады. Бүкіл әулет, ел-жұрт одан дәм татады. Сонымен қатар бұл еттен жақындарға, туыс-туған мен құда-жегжатқа ауыз тигізеді. Алыстағы бауырларына сыбағасын тағы беріп жібереді.

Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов/Baribar.kz

Қазір қалалықтар да соғымды ауылда тұратындардан қалыспай дайындайды. Оны көпқабатты үйде сақтау үшін арнайы мұздатқыш та алып жатады. Baribar Media директоры Ербол Серікбай да үйіне соғым сақтайтын мұздатқыш алдырып, оны басқаға алуды ұсынады.

«Етті қайда саламын деп әуре болмаймын»

«Ауылдағы ата-анам мен бауырларым әлі күнге дейін соғымның бір бөлігін бізге жібереді. Сақтауға ыңғайлы болсын деп, үйге соғым үшін арнайы мұздатқыш алып қойдым. Бір жағынан тоңазытқыштың мұздатқышына толтырып сала беру де ыңғайсыз болып кетті. Оның үстіне, уақыт тығыз кезде дүкен аралап жүрмей, онлайн дүкеннен алуға да болады екен. Қысқы азығымыз сенімді құрылғыда сақталады. Көңіліміз жайлы», — дейді Ербол Серікбай.

Бөлмені жылытқыш

Жайлы өмірге үйренгеніміз сонша, көбіне «Қыста үйді қалай жылытамыз?» деп алаңдамаймыз. Әсіресе, қалада күн суыса, жылу өзі-ақ қосылады. Егер барлық үйге ортақ жылу қосылмаса, саспай, бөлмені жылытқыш сатып алып, қолданамыз. Күздің қоңыр салқыны мен көктемнің ызғарында үйде жылу болмай, берекесі қашып тұрғаны бәрімізге ұнамайды. Оның үстіне, үйде сәби болса, жылытатын құрылғы балалар үшін аса қажет.

Үйді жылытатын құрылғылардың қазір түр-түрі бар. Жабық әрі бөлмеге қоюға ыңғайлысы, желдеткіші бары немесе желдеткіш орнатылмағаны – ұнағанын таңдай аламыз. Тіпті түсі мен сыртқы материалына да мән беріп, ерекше талғаммен алуға мүмкіндік бар. Десе де, бүгінде бөлмені жылытқыш құралдарды да алмайтын тұрғындар бар. Редакциямыздың журналисі олармен келіспейді. Ол өзі тоңғақ болған соң салқын мезгілде әр үйге бөлмені жылытатын техника қажет деп есептейді.

Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов/Baribar.kz

«Жылу қосылмаған кезде жылытқышқа арқа сүйедім»

«Мен үшін үйдің барлық мезгілде жылы болып тұруы маңызды. Сол үшін үнемі жылытқышты қолданамын. Кейде үйдің қабырғасы мен едені салқын болып, жылудың оған күші жетпейтін кезі болады. Сондайда өзімнің бөлмемді арнайы техникамен жылытамын. Сосын оның температурасын өзім реттей аламын. Қандай мезгілде болмасын, жылытқыш құрал әр үйге, әр адамға керек. Оның үстіне, мұндай техниканы сатып алғанда қосымша бонус түседі», — дейді журналист Жазира Пірімқұл.

Baribar.kz редакциясы ұсынып отырған тауарларды 14-27 қараша аралығында Jusan дүкенінен 24 айға бөліп төлеу арқылы сатып ала аласыз. Оған себеп: қазір банк 0-0-24 науқаны арқылы сауда жасаған клиентке тауар немесе қызмет бағасының 10%-ына дейін бонус ұсынып отыр. Мысалы, 200 мың теңгеге асүй техникасын алсаңыз, 20 мың бонус сіздікі. Бұл бонусты 14 күннен кейін пайдалануға болады.

Науқанның тағы бір ерекшелігі — 24 айға бөліп төлеу акциясы екі аптаға жалғасатыны. Мұндай жеңілдік клиенттер үшін тауарды асықпай таңдап, ойланып барып алуына мүмкіндік береді.

Jusan дүкенінен ұнаған тауарды екі әдіспен сатып алуға болады:

  1. Jusan немесе басқа банктің картасы арқылы. Jusan картасы болған жағдайда Jusan қосымшасы арқылы бонустарды жұмсау мүмкіндігін иеленесіз. Картаны әлі ашпасаңыз, қам жемеңіз: оны сіз қосымша арқылы рәсімдей аласыз.
  2. Тапсырысты 24 айға дейін бөліп төлеу арқылы да рәсімдеуге болады.

Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 07.04.21ж. №1.2.35/225/37 лицензиясы.