Үш жыл бұрын жалақыны көтеру мәселесі көтерілгенде қызметкерлер 65 мың теңге алатын. Қазір қызметке жаңадан келген қызметкердің ең төменгі ресми жалақысы шамамен 110 мың теңге, — деп жауап берді министр үкімет отырысында.
Ол 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақыны 10-нан 70% дейін арттыру қарастырылғанын айтты.
70% — бұл қатардағы құрам үшін, қызметті жаңадан бастағандар үшін ең жоғары өсім. 10% — бұл басшы құрамы үшін, бұл өрт сөндіру қызметінің бастықтары, ТЖ қызметінің бастықтары, — деп түсіндірді Ильин.