Басты бетЖаңалықтарБақытгүл Хаменова...

Бақытгүл Хаменова 7 жылға сотталды

Бүгін Атырау олысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты сот отырысы қайта жалғасты.

Сот Хаменованы қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-блімінің 2-тармағымен (Ірі көлемде пара алу) кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Сонымен қатар Бақытгүл Хаменова «Құрмет» орденінен айырылды.

Атыраудағы №2 қалалық сотта Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот отырысы 11 тамызда басталған еді. Айыптау актісі 55 беттен тұрады. Сот отырысында Бақытгүл Хаменова өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ.