Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Министр экономика өсімін арттыру бойынша бірнеше ұсыныс айтты

Иллюстрация: Vteme.kz

Ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымы 8,2% ұлғайды. Саладағы өндірістің оң өсімі 16 өңірде тіркелді. Ең жоғарғы өсімді Қостанай, Ақмола, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстары көрсетті.

7 экономикалық көрсеткіш бойынша өңірлер арасындағы жалпы жағдай мынадай:

Барлық көрсеткіштер бойынша оң өсім 7 өңірде – Қостанай, Ақмола, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларында байқалды, — деді министр.

Оның айтуынша, орталық және жергілікті атқарушы органдарға келесі шараларға назар аудару керек.

1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға динамикасының мониторингін күшейту және олардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар қабылдау;

2. Инвесторларды сүйемелдеу жұмыстарын барлық деңгейде қолға алу;

3. Өнеркәсіпте жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу жөніндегі іс-шараларды пысықтау және әлеуетті мәселелерді шешуде жедел көмек көрсету;

4. Отандық өндіріс тауарларын жеткізудің жоспарланған көлеміне қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін экспорттаушыларды қолдаудың қолжетімді шараларын ілгерілету;

5. Бизнестің сұраныстарына уақтылы жауап беру және оның қызметін жүргізу үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету.

Exit mobile version