Бокстан Азия чемпионатында Қазақстан жалпыкомандалық есепте бірінші орын иеленді

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында жалпы саны 21 медаль жеңіп алды: алтауы – алтын, жетеуі – күміс, сегізі – қола медаль.

Өзбекстан 13 медальмен (6 алтын, 3 күміс, 4 қола) Қазақстаннан кейінгі орынға орнықты.

Үндістанда 12 жүлде бар (4 алтын, 2 күміс, 6 қола), осылайша олар үздік үштікті түйіндеді.

Бокстан 2022 жылғы Азия чемпионатының жалпыкомандалық медаль есебі:

1. Қазақстан — 6-7-8

2. Өзбекстан — 6-3-4

3. Үндістан — 4-2-6

4. Иордания — 2-3-2

5. Таиланд — 2-2-1

6. Жапония — 1-5-1

7. Оңтүстік Корея — 1-1-4

8. Тайвань — 1-0-3

9. Филиппин — 1-0-2

10. Вьетнам — 1-0-1

11. Моңғолия — 0-2-8

12. Қырғызстан — 0-0-4

13. Иран — 0-0-2

13. Тәжікстан — 0-0-2

15. Пәкістан — 0-0-1.

Айта кетсек, 2022 жылғы бокстан Азия чемпионатын бірінші болып қыздар аяқтады. Олардың еншісінде үш алтын, бір күміс, бес қола бар. Ал жігіттер 3 алтын, 6 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды.