Департаменттің хабарлауынша, оқиға орнында жеке құрамның 86 қызметкері, 25 техникасы мен қаланың өзара іс-қимылының бүкіл күш-құралдары жұмылдырылды. Жалынды ауыздықтау үшін 3 учаске құрылды. Өрт ошағын анықтауға тепловизорлар қолданылды.
Отқа оранған қойманың бетон конструкцияларының құлау қаупі болғандықтан өрт сөндірушілер қауіпсіздік техникасын сақтауға ерекше назар аударды.
Қабылданған жедел шаралардың арқасында күрделі өрт 1 сағат 9 минут ішінде сөндірілді. Қызыл жалын 1,5 мың шаршы метр аумақты шарпыды. Зардап шеккендер жоқ,- делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Алматыда «барахолка» базарынан өрт шыққанын хабарлаған болатынбыз.