«Маған берілген конституциялық нормаларды пайдалана отырып, Сенат төрағасының орынбасары қызметіне Сергей Громовтың кандидатурасын ұсынамын. С. Громовты таныстырып жатудың қажеті жоқ деп ойлаймын», деді спикер Қ. Тоқаев.
Сенат регламентіне сәйкес, төраға орынбасары палата депутаттарының ашық дауыс беруімен сайланады. Осыған орай, палата депутаттары аталған мәселені қолдап, бірауыздан дауыс берді.
Осылайша, С. Громов төраға орынбасары қызметіне сайланып, жұмысына бірден кірісті.
С. Громов 1959 жылы 06 қаңтар айында туылған, ұлты орыс. Білімі жоғары. Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институтын, Алматының политология және басқару институтын, «Аулие-Ата» университетін бітірген, экономика ғылымдарының кандидаты.
Әр жылдары: ассистент, оқытушы, Институттың комсомол хатшысы райкомның бірінші хатшысы, совхоз парткомының хатшысы, бас директор, аудан әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Президент Әкімшілігінің инспекторы, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Орталық аппаратының жетекшісі, «Нұр Отан» халақтық-демократиялық партия төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» халақтық-демократиялық партиясының хатшысы, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің орынбасары болып жұмыс атқарған.