Әуежайда Қазақстан президентін Өзбекстанның премьер-министрі Абдулла Арипов күтіп алды.
Айта кетейік, бұған дейін 10-11 қарашада президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Самарқандқа жұмыс сапарымен баратыны хабарланды.
Жиын барысында мемлекеттер басшылары ТМҰ аясындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын қарастырады.