Биыл 10 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Осы жылдың қаңтар-қыркүйегінде өндіріс көлемі 4,6% өсті. Көрсеткіштің өсімі 16 өңірде тіркелді. Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша өсу қарқыны машина жасау өндірісінде 7,6%, оның ішінде автомобиль жасауда – 17,8% және электр жабдықтарын жасауда – 11,5%, сонымен қатар азық-түлік тауарлары бойынша – 3,7%, сусындар – 7%, пластмасса бұйымдары – 4,9%, дайын металл бұйымдары – 2,5%, химия өнеркәсібі тауарлары – 10,7% және киім өндірісінде – 7,3% құрады, — деді Қуантыров.

Оның айтуынша, тау-кен өнеркәсібінде өндіріс көлемі 0,1% ұлғайды. Салалар бөлінісінде өсу тау-кен өнеркәсібінде қызмет көрсетуде – 18,4%, көмір өндіруде – 2,1 %, газ және металл кендерін өндіруде 0,6% құрады.

Бұл ретте өндірістің өзге де пайдалы қазбаларды өндіруде 8,9% төмендеуі тіркелді, — деді министр.

Бұдан бөлек ол аталған кезеңде орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 5,1% артқанын айтты. Көрсеткіштің оң өсуі 17 өңір бойынша тіркелді. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең жоғары өсуі Шымкент қаласында, Қызылорда, Ақмола, Алматы және Түркістан облыстарында байқалды.

Биылғы қаңтар-қыркүйекте 10,5 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 0,9% Түркістан, Жетісу, Алматы облыстарында және Шымкент қаласында тіркелді. Көрсеткіштің төмендеуі Ұлытау, Маңғыстау, Абай, Атырау облыстарында, сонымен бірге Астана қаласында байқалды, — деді ведомство басшысы.